Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда тұратын якутиялық әзілкеш «орыс тіліне қатысты әзілі» үшін айыппұл арқалады

/
Алматыда тұратын якутиялық әзілкеш «орыс тіліне қатысты әзілі» үшін айыппұл арқалады
Видеодан скрин

Ұлтына байланысты өшпенділік туғызу және ар-намысты қорлау бабымен тергеу жүргізуге якутиялық стендап-комик Ньургун Атаковтың қойылымының видеожазбасы себеп болған, деп жазды Orda.kz.

«Якутия Инфо» мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінде оның өнер көрсету сәтінен түсірілген видео «Торбозное радио» телеграм-арнасында жарияланған. Шоу барысында комик Ресейде якуттарға қатысты таптаурын көзқарасқа ұшыраған жеке тәжірибесімен бөліскен және тарихи фактілердің бұрмалануын сынға алған.

Ол православие дінін қабылдату байырғы халықтарға қысыммен жүргізілгенін айтып, мынадай пікір білдірген:

«Африкалықтардан құл жасады, үндістерді маймандай қырды. Ал бізді православ адам етіп шығарды. Құдай сақтасын, өлтіріп тастағаны жақсы еді».

Якутиядағы Стратегиялық зерттеулер орталығы Атаковтың бұл сөздерінен орыс ұлтының ар-намысын қорлау белгілерін тапқан. Комик соңғы үш жылдан бері Қазақстанда (Алматыда) тұрып жатқандықтан, ол сырттай айыпты деп танылып, 10 мың рубль (шамамен 67 мың теңге) айыппұл салынды.

Ньургун Атаков стендап қойылымдарын жалғастырып, YouTube арнасында түркі халықтарының өмірі туралы бағдарламалар жүргізіп келеді.