Logo
Іздеу
Айдарлар

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Тоқаевты еліне шақырды

/
Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Тоқаевты еліне шақырды
Фото: Yonhap

Қасым-Жомарт Тоқаев жаздың басында сайланған Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Ли Чжэ Мёнмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту және өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ақорда мәліметінше, әңгіме барысында өнеркәсіп, энергетика, автомобиль жасау, білім беру және басқа да салалардағы бірлескен жобаларға ерекше көңіл бөлінді.

Ли Чжэ Мён Қазақстан Президентін Оңтүстік Кореяға ресми сапармен келуге шақырды. Тоқаев бұл шақыруды қабыл алып, «Орталық Азия — Корея Республикасы» саммитіне қатысуға ниетті екенін растады.

Аталған саммитті 2026 жылы өткізу жоспарланған.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы елдің Конституциялық соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялағаннан кейін екі ай өткен соң өтті.