Өскеменде жер сілкінісінің қуаты 4 баллға жетсе, Семейде – 2 балл тіркелді.
23 шілде күні Астана уақытымен сағат 15:37-де ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат орталығының сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
MSK-64 шкаласы бойынша ең жоғары есептік қарқындылық – 4 балл.
Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Мамандар аймақтағы сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастырып жатыр.