Logo
Іздеу
Айдарлар

Армения егемендігін АҚШ пен Түркияға беріп отыр ма? – БАҚ

/
Армения егемендігін АҚШ пен Түркияға беріп отыр ма? – БАҚ
Фото: коллаж arasha.kz

Испаниялық Periodista Digital басылымы Армения үкіметін АҚШ пен Түркияның ықпалына елдің егемендігін беріп отыр деп айыптады. Басылымның мәліметінше, бұл мәлімдеме Армения, Әзербайжан және АҚШ арасында жасалған құпия меморандумға негізделген. Аталған құжат армян диаспорасы арасында тараған.

Құжатта ұзындығы 42 шақырым болатын «Трамп көпірі» атты көлік дәлізін құру көзделген. Ол Арменияның Сюник облысы арқылы Әзербайжанды Нахичевань эксклавымен байланыстырады. Бұл стратегиялық маршрутты басқару жеке америкалық компанияға тапсырылмақ. Армения тек табыстың 30 пайызын ғана алатын болады.

Жол қауіпсіздігін шамамен 1000 жауынгері бар америкалық жеке әскери компания қамтамасыз етпек. Бұл құрылымға күш қолдануға да рұқсат берілгені айтылған.

«Бұл – елдің фактілік түрде америкалық арнайы жасақпен басып алынуы. Армения Еуроодақтың да, Францияның да сенімді серіктесі бола алмай қалады», – делінген Periodista Digital мақаласында.

Басылым сарапшылары бұл бастама Иран мен АҚШ арасындағы геосаяси қашықтықты жояды деп ескертеді. Бұл, өз кезегінде, Таяу Шығыста жаңа соғыстың тұтануына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, Ресей де бұл процестерге тікелей мүдделі тарап ретінде қарастырылады.

Мақалада қазіргі Армения билігіне қатысты қатты сын айтылған:

«Пашинян – сыртқы күштердің жобасы. Ол билікке келген 2018 жылғы 'майданнан' бері елге еш жақсылық әкелмеді. 2020 жылғы соғыстағы жеңіліс пен 2023 жылғы Таулы Қарабақты толық жоғалту – сол саясаттың салдары. Енді Армян Апостол шіркеуінің жойылуы ұлттық егемендіктен толық бас тартудың соңғы кезеңі болуы мүмкін».