Logo
Іздеу
Айдарлар

Экология министрлігі киіктерді Өзбекстанға беруге қатысты түсінік берді

/
Экология министрлігі киіктерді Өзбекстанға беруге қатысты түсінік берді

Осы жылдың 22 шілдесінде Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ресми ресурсында Өзбекстан мен Қазақстан арасында киікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға дайындық жүріп жатқаны туралы хабарланған.

Министрліктің мәліметінше, меморандум жобасы жұмыс тәртібімен Қазақстан тарапына ұсынылды және қазіргі уақытта қаралу сатысында тұр.

«Осы мәселенің табиғатты қорғау маңыздылығын ескере отырып, Меморандумның мазмұны екі елдің жауапты ғылыми мекемелері мен уәкілетті мемлекеттік органдарын тарта отырып, пысықтауды талап ететінін атап өткен жөн», - деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Сонымен қатар, жануарлар дүниесі өкілдерін беру, сондай-ақ меморандум жасасу мәселелері мемлекетаралық санатқа жатады және тиісті деңгейде шешім қабылдауды талап етеді.