Астана маңындағы ауыл әкімі мас күйінде төбелесіп, қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Целиноград аудандық прокуратурасы мемлекеттік қызметтің абыройын түсіретін оқиғаны анықтаған. Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, төбелеске қатысқан.
Прокуратураның мәліметінше, төбелес салдарынан тараптар дене жарақаттарын алған. Алайда, олардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
Прокуратураның тексеруінен кейін және әдеп кеңесінде қаралғаннан соң, әкім теріс қылығы үшін қызметінен босатылды.