Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі
Сурет: pixabay

«Қазгидромет» РМК 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Солтүстік-батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсеріне Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз елдің орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін, жекелеген аудандарда дауыл мен бұршақ жауады. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. ҚР солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.