«Қазгидромет» РМК 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Солтүстік-батыс циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, жекелеген аудандарда дауыл мен бұршақ жаууы мүмкін. ҚР-ның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. ҚР солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Жетісу, Абай, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 35-39 градус қатты ыстық, Павлодар және Қарағанды облыстарында 35-36 градус қатты ыстық болады.
Күндіз Жетісу облысының солтүстік-батысында, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 41-42 градус қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының орталығында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Жетісу облыстарында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18 градус, күндіз +26+28 градус нөлден жоғары болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24+26 градус нөлден жоғары, күндіз қатты ыстық +37+39 градус болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +35...+37°C болады.