Logo
Іздеу
Айдарлар

Украинада тыңшылық жасаған Беларусь агенті ұсталды

/
Украинада тыңшылық жасаған Беларусь агенті ұсталды
Фото: СБУ

Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) елдің солтүстік шекара маңындағы қорғаныс нысандары мен әскердің қозғалысы туралы барлау мәліметтерін жинаған Беларусь КГБ-сының агентін ұстады. Бұл туралы УҚҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қарсыбарлау қызметі Волынь облысында 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу мәліметінше, ол Telegram-арналарда «жеңіл табыс» іздеп жүріп, Беларусь арнайы қызметімен жұмыс істеуге келіскен.

КГБ тапсырмасымен ол қорғаныс күштерінің бекіністері мен блок-бекеттерінің орналасуын, теміржол бойындағы әскери эшелондарды және транзиттік станцияларды бақылап, деректер жинаған. Ақпаратты жасырын мессенджерлер арқылы жіберіп, геолокацияны Google Maps арқылы жолдаған.

Құқық қорғаушылар оның әрекетін құжаттап, тінту жүргізіп, дәлелдері бар телефонды тәркілеген. Беларусь арнайы қызметі жағынан куратордың кім екені анықталды. Агент әшкереленгеннен кейін әскери нысандар мен логистикалық бағыттардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу қаупі төніп тұр.