Logo
Іздеу
Айдарлар

Бір қатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

/
Бір қатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 шілдеде еліміздің бір қатар өңірінде жаңбыр, жел, найзағай ойнайтынын мәлімдеді, , деп хабарлайды Arasha.kz.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 29 шілдеде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 29 шілдеде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстік бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Тараз қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 29 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 29 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 29 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.