Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбеде мешітке келген қызға бір реттік неке ұсынған адам 5 күнге қамалды (ВИДЕО)

/
Ақтөбеде мешітке келген қызға бір реттік неке ұсынған адам 5 күнге қамалды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скрин

«Нұр Ғасыр» мешітінің маңында блогер қыздың жолын бөгеп, «бір реттік никях» (неке) ұсынған ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Блогердің айтуынша, ол ер адам бұған дейін бірнеше рет сотталған және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады.

Полиция мәліметіне сәйкес, ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, 2-бөлігі — қоғамдық орындарда тиісу бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сот 29 шілдеде өтті. Ер адам босатылғаннан кейін оған психиатриялық сараптама тағайындалатын болды.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, бұл азамат құқық қорғау органдарының назарына бұрыннан түсіп жүрген. Ол психикалық ауытқулармен ауырады, мешіттегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған, қоғамдық көлікте адамдарды ұрған, терезеден секіріп қашпақ болған, көшеде өтіп бара жатқан адамдарды таяқпен соққыға жыққан. Бұған дейін де бірнеше рет бұзақылығы үшін ұсталып, 15 тәулікке дейін қамауға алынған. Ақтөбе полициясында бұл адам жақсы таныс.