Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан мен Түркия ақпараттық ынтымақтастықты күшейтеді

/
Қазақстан мен Түркия ақпараттық ынтымақтастықты күшейтеді
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында екі ел арасындағы ақпараттық саладағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) мен Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар басқармасы (КБ) арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа ОКҚ директоры Асқар Омаров пен КБ басшысы Бурханеттин Дуран қол қойды.

Келісімге сәйкес тараптар медиааналитика, цифрлық коммуникациялар, контент алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары барысында жалпы саны 18 үкіметаралық және ведомствоаралық келісімге қол қойылғаны атап өтілді. Бұл құжаттар екі ел арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған.