Оқиға бүгін, 30 шілдеде Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйде болды. Әйел 5-қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып, артынша өзі де секірген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне өтіп бара жатқан куәгер хабар берген.
«Бірінші дәрежелі шұғыл шақыру ретінде үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді, олар алты минутта жетті», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Әйел мен балалардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, әйел №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.