Алматы қаласының полициясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат ғимаратынан қыз баланың құлағаны жөніндегі ақпаратты растады.
Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, ол – университеттің бірінші курс студенті. Қыз 14-қабаттан секірген.
"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекске сәйкес іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның себебі отбасылық жағдайлармен байланысты болуы мүмкін.
"Азаматтарды расталмаған ақпаратты таратудан бас тартып, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", – деді полиция өкілдері.