Logo
Іздеу
Айдарлар

Үшінші атом электр станциясын қытайлық компания салады

/
Үшінші атом электр станциясын қытайлық компания салады
Сурет: pixabay

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, екінші АЭС секілді, үшіншісін де, болжам бойынша, Қытайдың CNNC корпорациясы салуы мүмкін. Қазір Атомдық энергия жөніндегі агенттік пен «Электрлік атом станциялары» компаниясының мамандары құрылысқа лайықты орындарды қарастырып жатыр.

«Станция жанында тұрақты су көзі міндетті түрде болуы керек. Сондай-ақ, энергияны тарату аймақтары да нақты белгіленуі қажет. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Биыл станциялар нақты қай жерде салынатынын жариялаймыз деп ойлаймын. Мұнда ешқандай құпия жоқ», – деді Скляр.

Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы 2030 жылы басталады деп хабарланған болатын. Ол Балқаш көліне жақын жерде орналасатын болады.