Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда маска киген ер адам 3 жыл бұрын сатқан Lexus көлігін айдап әкеткен

/
Алматыда маска киген ер адам 3 жыл бұрын сатқан Lexus көлігін айдап әкеткен
Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматыда ескі Lexus көлігіне байланысты тосын оқиға орын алды. Үш жыл бұрын өз көлігін сатқан тұрғын оны қайтадан заңсыз жолмен "иемденіп", маска киіп айдап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға 1 тамыз күні болған. Тергеу мәліметінше, ер адам көлікті сатқан кезде қосалқы кілтін өзінде сақтап қалған. Бірнеше жыл бойы ыңғайлы сәтті күткен азамат ақыры "сағынышын" әрекетке айналдырған. Ол көлік тұрған жерге барып, бетперде киіп, киімін өзгертіп, кілтпен есікті ашып, көлікке мініп кеткен.

Алайда «ұтымды жоспар» ұзаққа созылмады. Оқиғадан кейін небәрі 15 минут өткен соң полиция күдіктіні ұстады. Көлік иесіне қайтарылды.

«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Lexus көлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.