Logo
Іздеу
Айдарлар

Камчаткада 460 жылдан кейін жанартау қайта оянды

/
Камчаткада 460 жылдан кейін жанартау қайта оянды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Камчатка түбегінде орналасқан Крашенников жанартауының бақылау тарихында алғаш рет атқылағанын, Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесіне қарасты Вулканология және сейсмология институтының мамандары табиғи құбылысты растады.

Ғалымдардың мәліметінше, соңғы рет бұл жанартаудың атқылауы шамамен 460 жылдан астам уақыт бұрын болған. Дегенмен, ол оқиға жазбаша түрде тіркелмеген.

Қазіргі кезде жанартаудың кратерінен газ және күл бұлттары шығып жатыр. Мамандар аймақтағы сейсмикалық белсенділіктің артқанын атап өтті.

«Бұл — ғылыми қауымдастық үшін аса маңызды оқиға. Крашенников жанартауы тарихи кезеңде тыныш тұрған еді, енді міне, табиғат өз сөзін айтты», — дейді институттың зерттеу тобы.

Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы туристік бағыттар мен ғылыми экспедициялар уақытша тоқтатылды. Жергілікті тұрғындар мен қонақтарға жанартау маңына жақындамауға кеңес берілді.

Крашенников — Камчаткадағы ең аз зерттелген вулкандардың бірі. Бұл атқылау болашақ геологиялық зерттеулерге тың серпін беруі мүмкін.