Түркияның Roketsan компаниясы әзірлеген жаңа Pusu әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі алғашқы сынақ барысында әуедегі нысананы сәтті жойып, жоғары тиімділігін дәлелдеді. Сынақ кезінде жойылған нысана Иранның атышулы Shahed барражирлеуші (ұзақ уақыт қалықтап ұшатын) дронына ұқсас болғаны ерекше назар аудартты.
Pusu жүйесі шағын көлемдегі Cirit зымырандарын пайдаланады. Бұл зымырандар тек жер үстіндегі емес, әуе кеңістігіндегі нысандарға да бағытталып, салыстырмалы түрде арзан әрі тиімді шешім ретінде ұсынылып отыр.
Сала сарапшыларының айтуынша, дәл осы экономикалық тиімділік факторы — жүйенің басты артықшылығы. Себебі Pusu төмен шығынмен жоғары нәтиже беретін жаңа буындағы әуе қорғаныс технологияларының бірі ретінде қарастырылып жатыр.
Pusu жүйесінің сәтті сынағы Түркияның әскери-техникалық әлеуетінің артып келе жатқанын және аймақтық қауіпсіздік архитектурасында жаңа ойыншы ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.