Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қытайдан келген қазақ қызы елдегі тойды сынап тастады (ВИДЕО)

Қытайдан келген қазақ қызы елдегі тойды сынап тастады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қытайда туып-өскен, қазір танымал блогерге айналған қазақ қызы Гүлнар Хамит Қазақстандағы алғашқы тойына қатысып, өз әсерімен бөлісті. Бірақ әсер қуаныштан гөрі — шок пен таңданыс болды.

Ол көргенін жасырмай, оқырмандарына мынадай сұрақ қойды:

«Мұндағы тойда бәрі әсер қалдыру үшін жасалатындай. Бірақ не үшін?»

Гүлнарды тойбастар мен құдаларды қарсы алу салтанаты, күндізгі және түнгі той, бай дастарқан мен шектен тыс сән-салтанат қатты таңғалдырған. Ол бұл тойды «әсер қалдыру үшін жасалған спектакльге» теңеді.

«Байлар істесе жарасады, бірақ қарапайым халыққа мұның не керегі бар?», — деп жазады блогер.

Оның бұл сөзі көптеген қазақстандықтарды ойландырмай қоймады. Себебі көпшілік іштей бұған келіседі — кредитке той жасап, өзінен артылғанның соңынан қуалаймыз, «ұят болмасын», «өзгеден қалмайық» деген қағидамен өмір сүреміз.

Гүлнардың сұрағы — қарапайым, бірақ өткір: «Осының бәрі не үшін керек?»