Logo
Іздеу
Айдарлар

27 жастағы қазақстандық азамат Грузияда өлі табылды

/
27 жастағы қазақстандық азамат Грузияда өлі табылды
Фото: коллаж arasha.kz

Грузия астанасы Тбилисиде 4 тамызда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы — 27 жастағы Шыңғыс Муссадилов өлі күйінде табылды. Бұл туралы бүгін марқұмның туыстары хабарлады.

Чингизді соңғы рет Тбилисидің орталығындағы Laila клубының маңында түнгі уақытта көрген. Сол күні ол үйіне оралмаған және келесі күні жұмысқа да шықпаған. Содан бері онымен байланыс мүлдем үзілген — телефон қоңырауларына, хабарламаларға жауап бермеген.

Туыстары бірден жергілікті полицияға хабарласып, әлеуметтік желілерде іздеу туралы ақпарат таратқан. Алайда, бірнеше күн өткен соң, оның қайтыс болғаны анықталды.

Грузия полициясы оқиғаның мән-жайына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Редакциямыз жіберген сауалға жауап ретінде грузиндік құқық қорғау органдары тергеу барысындағы мәліметтердің тек жақын туыстарының келісімімен ғана жарияланатынын айтты, себебі бұл жеке деректерге жатады.