6 тамыз күні кешкі 19:52 шамасында Алматы облысындағы Қарабұлақ пен Тентек станцияларының арасындағы теміржолда қайғылы оқиға болды. «Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, белгісіз ер адам рельске кенеттен шығып кеткен. деп хабарлайды Arasha.kz.
Локомотив машинисі жаяу жүргіншіні байқап, пойызды тоқтатуға тырысқанымен, арақашықтық тым жақын болғандықтан, соқтығысудың алдын ала алмады. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«ҚТЖ» компаниясы азаматтарды теміржол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, белгіленбеген жерден өткелден өтпеуге шақырды. Компания өкілдері мұндай жағдайлардың жиілеп бара жатқанына алаңдап, қоғамдық қауіпсіздікке бей-жай қарамау қажеттігін ескертті.
Тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.