Logo
Іздеу
Айдарлар

Джей Лоның киіміне қатысты партия төрағасы пікір айтты

/
Джей Лоның киіміне қатысты партия төрағасы пікір айтты
Фото: ашық дереккөзден алынды

«Миллий тикланиш» демократиялық партиясының төрағасы Алишер Қодиров Ташкенттегі Дженнифер Лопестің концертіне қатысты пікір білдіріп, егер ашық киіну «жеке таңдау» ретінде қабылданса, орамал тағу да дәл солай қорғалуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қодировтың сөзінше, Өзбекстан — зайырлы мемлекет, сондықтан заң аясында әр азамат өмір салтын өзі таңдауға құқылы. Ол Лопестің концерті жабық форматта өткенін және ешкімді қатысуға мәжбүрлемегенін еске салды. Сондай-ақ діндар әйелдердің орамал тағу құқығы да заңмен кепілдендірілгенін атап өтті.

«Дженнифер Лопеске қалай киіну керегін айтпағанымыз сияқты, орамал таққан әйелдерге де киім тәртібін мәжбүрлеп белгілеу дұрыс емес», — деді ол.

Саясаткер төлқұжатқа түсу кезінде әйелдерді орамалын шешуге мәжбүрлеуді сынға алып, сәйкестендіру үшін жүздің ашық болуы жеткілікті екенін айтты. Оның пікірінше, зайырлылық — «сенетінге де, сенбейтінге де тең болу» және күшті жақтың әлсіз жаққа үстемдік етпеуі.