Logo
Іздеу
Айдарлар

"Біз Ресейге ештеңе де бермейміз, ешкім шегінбейді" – Зеленский

/
"Біз Ресейге ештеңе де бермейміз, ешкім шегінбейді" – Зеленский
Алина Смутко / Reuters. Суретте: Владимир Зеленский

9 тамыз таңында Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеу жасады. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде ел аумағының ешбір бөлігін ешкімге бермейтінін қадап айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл сөздер Ресей және АҚШ президенттерінің Аляскада өткен келіссөзіне байланысты айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша Украина әскерінің Донецк облысынан шығарылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

"Украина Конституциясында біздің аумақ тұтастығымыз айқын жазылған. Ешкім шегінбейді, ешкім жерін тастап кетпейді. Украин халқы өз жерін басқыншыларға бермейді", – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол бейбітшілікке жетелейтін нақты шешімдерге дайын екендерін айтып, кез келген келіссөзде Украинаның қатысуы міндетті екенін ескертті:

"Бізге қарсы қабылданған кез келген шешім, Украинасыз жасалған кез келген шешім – бүкіл әлемге қарсы шешім. Ондай келіссөздерден еш нәтиже шықпайды", – деп түйіндеді ол.