Logo
Іздеу
Айдарлар

Бишімбаевтың әпкесі Астананың қақ ортасында елді дүрліктіріп, шу шығарды (ВИДЕО)

/
Бишімбаевтың әпкесі Астананың қақ ортасында елді дүрліктіріп, шу шығарды (ВИДЕО)
NUR.KZ / Алена Бутенко. Суретте: Қуандық Бишімбаев

Бүгін Астанада ZIMA мейрамханасынан түсірілген видео әлеуметтік желіде күннің ең көп талқыланған жазбаларының біріне айналды. Instagram-да жарияланған кадрларда – мейрамханаға кіреберісте электр жарығының жоқтығына байланысты адамдар жиналғаны көрінеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Myastanacity парақшасының жазуынша, ZIMA әкімшілігінің айтуынша, электр жарығын өзін бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әпкесі деп таныстырған әйел өшірген.

"Жалға алушылардың айтуынша, ол ескертусіз келіп, ішке кіріп, жарықты сөндіріп кеткен, – делінген дереккөзде.

Мейрамхана әкімшілігінің айтуынша, Бишімбаевтар отбасы 2023 жылғы қайғылы оқиғадан кейін, яғни "Гастроорталықта" Салтанат Нүкенова қаза тапқаннан соң, 2024 жылдың көктемінде ресми түрде кешеннің құрылтайшылары қатарынан шығарылған. Алайда жалға алушылардың пікірінше, қазіргі жағдай керісінше жайтты көрсетіп отыр.

"Егер отбасы кешенге ресми түрде қатысы жоқ болса, неге олардың туыстары біздің ісімізге араласуын жалғастыруда?" – дейді ZIMA өкілдері.