Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақ самбошылары әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

/
Қазақ самбошылары әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тамаша нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлттық құрама қоржынын 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен толықтырды.

Қазақстан құрамасы сапынан Маргарита Бажаева (-50 кг) алтын жүлде еншілесе, ал Асқар Еспусинов (-58 кг) күміс медальді қанжығасына байлады. Сондай-ақ Жандос Бейсенбаев (-71 кг), Болат Сапар (-88 кг), Айнұр Төребай (-59 кг), Арайлым Әбенова (-72 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орынға жайғасты.

Биылғы додада 20 елден келген спортшылар бақ сынады.

Бұл жетістік қазақ самбо мектебінің әлемдік деңгейде өз беделін сақтап қана қоймай, оны одан әрі арттыра түскенін көрсетті.