АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляскадағы келіссөздері қарсаңында Украина нақты аумақтық жеңілдіктерге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
The Telegraph басылымының мәліметінше, Киев соғыс қимылдарын тоқтату мақсатында Ресейдің Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон және Қырым облыстарындағы өз бақылауында ұстап отырған аумақтарды қайта бөліске салуға дайын екенін аңғартқан.
Бұл сценарийді кейбір еуропалық саясаткерлер де қолдап отыр. Ол Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруді, соның ішінде қару жеткізуді және НАТО-ға мүше болу перспективасын қамтиды. Дегенмен Владимир Зеленскийдің айтуынша, ешбір келісімде бұдан бөлек аумақтық жеңілдіктер болмауы керек.
Өз кезегінде Трамп саммитте Украинаның бір бөлігін қайтаруға ұмтылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Киев билігінің Украина конституциясына қайшы келетін кез келген аумақтық өзгерістерден бас тартуын сынға алды.
Кеше Зеленский украин барлауына сілтеме жасап, Мәскеудің атысты тоқтатуға дайындалып жатқанына ешқандай белгі көрмейтінін айтты. Оның сөзінше, Ресей күштерін "жаңа шабуыл операцияларын бастауға мүмкіндік беретіндей" етіп орналастырып жатыр.