Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда 85 жастағы әже ҰБТ тапсыруға келді (ВИДЕО)

/
Алматыда 85 жастағы әже ҰБТ тапсыруға келді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Алматыда тамыз айындағы ҰБТ-да ерекше оқиға орын алды – 85 жастағы Нұрихан апа өмір бойғы арманын орындап, университетке түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға бел буды, деп Arasha.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, Нұрихан апа ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, жоғары білім алу мүмкіндігі болмаған. Биыл ол жақындарының қолдауымен тестілеуге тіркеліп, көптен күткен сынақ күнін қарсы алды.

"Тестілеу күні балалары демеуші болып жанынан табылды. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, "Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес" екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді. Бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды", – делінген тестілеу орталығы хабарламасында.