Logo
Іздеу
Айдарлар

Бүгін Трамп пен Путин кездеседі

/
Бүгін Трамп пен Путин кездеседі
Сурет: ашық дереккөзден

Бүгін Аляскада Дональд Трамп пен Владимир Путиннің жеке кездесуі өтеді. Келіссөздер Мәскеу уақытымен 22:30-да басталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

ВВС агенттігінің мәліметінше, алдымен Путин мен Трамп бетпе-бет жүздеседі, одан кейін «беске бес» форматы бойынша делегациялар қатысатын кездесу жалғасады.

Трамп пен Путиннің Аляскада кездесетіні туралы хабарланардан сәл бұрын АҚШ президенті Ресей мен Украина арасындағы келісім белгілі бір аумақтармен алмасуды көздеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

БАҚ жазғандай, Украина Ресей басып алған аумақтарды беруге келісуі ықтимал.

Зеленскийдің айтуынша, аумақтармен алмасу туралы әңгіме тек атысты тоқтатқаннан кейін және Украина қауіпсіздік кепілдіктерін алған соң ғана болуы мүмкін.