Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан билігінде енді отбасылық жүйе жоқ — Тоқаев

/
Қазақстан билігінде енді отбасылық жүйе жоқ — Тоқаев
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен ұстаздарды құттықтады. Ол мұғалім – ұлттың шамшырағы екенін атап өтті.

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде», - деді Тоқаев. 

Президент сонымен қатар мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шыққанын атап өтті. 

«Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі. Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды», - деді мемлекет басшысы.