Logo
Іздеу
Айдарлар

Лавров Аляскаға «СССР» деген жазуы бар киіммен келді – ВИДЕО

/
Лавров Аляскаға «СССР» деген жазуы бар киіммен келді – ВИДЕО

Аляскада журналистер Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты сұр түсті свитшотта, оның үстіндегі қара жилеттің астынан «СССР» деген жазу байқалатын киіммен келгенін суретке түсіріп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Telegram-арнаслар Лавровтың Анкоридж қаласында көліктен түсіп, қонақүйге қарай бара жатқан сәтінің кадрларын жариялауда.

Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп 15 тамызда Аляска штатының Анкоридж қаласында кездесу өткізеді. Кездесудің тақырыбы – Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату.

Бұл екі мемлекет басшыларының 2021 жылғы маусымда Путин Женевада сол кезде АҚШ әкімшілігін басқарған Джо Байденмен кездескеннен кейінгі алғашқы бетпе-бет келіссөзі болмақ.