Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды облысында жол өткелін салып жатқан жұмысшылар зардап шекті

/
Қарағанды облысында жол өткелін салып жатқан жұмысшылар зардап шекті
Сурет: ашық дереккөзден

Балқашта жол өткелін салу барысында жұмысшылар жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Көліктегі полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаза тапқандар жоқ. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсету үшін олар медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, болған жағдайдың себептері мен мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Толығырақ мәлімет департамент тарапынан ҚПК-нің 201-бабына сілтеме жасала отырып берілген жоқ.

"Темір жол жөндеу" ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде мұнара сынып, кейін ол теміржол желісіне құлаған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода теміржолға құлаған бетон мұнара мен жерде жатқан жұмысшыларды көруге болады. Оқиғаның Қарағанды облысы Саяқ станциясында болғаны хабарланды.

Жарақат алған жұмысшылар Балқаш станциясындағы ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған үшеуіне амбулаторлық ем көрсетілген.