АҚШ президенті Аляскада Ресей басшысымен өтетін кездесуінің сәтсіз аяқталу ықтималдығы 25 пайыз деп есептейді.
АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путинмен Анкоридж қаласында өтетін кездесуінің сәтсіз аяқталу ықтималдығы 25 пайызды құрайды, деп хабарлайды Arasha.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Ақ үй басшысы мұндай бағаны 14 тамыз, бейсенбі күні Fox News Radio арнасындағы жүргізуші Брайан Килмидтің бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Қазір ол (Путин – ред.) келісім жасайтынына сенімді деп ойлаймын. Ол келісім жасайды. Мен оның жасайтынына сенемін. Біз оны білетін боламыз – мен мұны өте жақын арада білемін», – деді Трамп.
«Бірақ бұл кездесудің сәтсіз өту ықтималдығы 25 пайыз», – деп мойындады АҚШ басшысы.