Logo
Іздеу
Айдарлар

Семейде көше ортасында ер адамды соққыға жыққандар ұсталды

/
Семейде көше ортасында ер адамды соққыға жыққандар ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде тапа-тал түсте көшенің қақ ортасында ер адамды бірнеше жігіт ұрып, пышақ салып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай оқиға Семей қаласында орын алған. Аталған оқиғаға  қатысты қылмыстық іс қозғалған, соққыға жығылған адам ауруханаға түсті. Көшеде өтіп бара жатқан куәгерлер түсіріп алған видеода жаяу жүргіншілер белгісі жанында 3-4 жігіттің бір адамды жерге жығып алып ұрып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ шабуыл жасағандардың бірі пышақ жұмсайды.

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, — деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал өзара араздық негізінде туындаған.