Logo
Іздеу
Айдарлар

"6 ай ішінде 6 соғысты тоқтатамын": Трамп әлем елдеріне маңызды үндеу жасады

/
"6 ай ішінде 6 соғысты тоқтатамын": Трамп әлем елдеріне маңызды үндеу жасады
TASS. Суретте: Дональд Трамп пен Владимир Путин

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің алдағы кездесуін саяси күн тәртібіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі деп атады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, бұл басқосу – бұған дейін Аляскада өткен Путинмен келіссөздерден де ауқымды мәнге ие. Трамптың айтуынша, негізгі мақсат – бейбітшілік орнату.

“Егер осы келіссөз нәтижесінде бейбіт шешімге қол жеткізсек, мен алты ай ішінде әлемдегі алты соғысты тоқтатуға дайынмын”, – деді ол.

Президент саммитке Еуропа көшбасшыларының қатысу-қатыспауы жайлы мәселе әлі талқыланып жатқанын жеткізді.

“Форматы нақтыланбағанымен, бастысы – соғыстарды тоқтату үшін нақты қадамдар жасау”, – деп атап өтті Трамп.

Сарапшылар бұл мәлімдемені Трамптың халықаралық беделін арттыруға бағытталған қадам деп бағалап, ал алты соғысты тоқтату уәдесін қазіргі күрделі геосаяси жағдайда батыл әрі даулы бастама ретінде сипаттап отыр.