"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігіне әсерін жалғастырады.
"Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл, ал солтүстікте түнде және таңертең – тұман болады", – делінген хабарламада.
Алматы облысында, Жетісу облысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.