АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескен соң, Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонмен әңгімелесті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы 16 тамызда CNN Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитке сілтеме жасап хабарлады.
«АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскадан қайтар жолда Украинадағы әріптесі Владимир Зеленскиймен ұзақ әңгімелесті», – делінген материалда.
Сондай-ақ қазіргі уақытта АҚШ президенті НАТО әріптестерімен де телефон арқылы сөйлесіп жатқаны атап өтілді.