Logo
Іздеу
Айдарлар

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен 10 млрд теңге табыс түсті

/
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен 10 млрд теңге табыс түсті
Сурет: ашық дереккөзден

27 мың көрермен және 10 млрд теңге табыс – Алматыдағы Дженнифер Лопестің концерті қорытындыланды. Билеттердің бағасы 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің ауқымды шоуына 27 мың көрермен жиналды. Олардың ішінде шамамен 7 мыңы әлемнің 35 елінен келген қонақтар болды.

Дженнифер Лопестің турының бас режиссері Кристиан Ламб пен техникалық директоры Григорий Антропов алматылық алаңның дайындық деңгейін тур өткен барлық қалалардың ішіндегі ең үздігі деп атап өтті.

Алдын ала есеп бойынша төленген салық көлемі шамамен 600 миллион теңгені құрайды.

Mastercard төлем жүйесінің дерегінше, шетелдік туристер қалада орта есеппен 3,5 күн аялдап, тәулігіне шамамен 440 доллар жұмсайды. Осылайша, концерт күндері шетелдік қонақтардың шығындары қала экономикасына 5 миллиард теңгеден астам пайда әкелді.

Қосымша табысты қонақүйлер, мейрамханалар, кофеханалар және көлік компаниялары тапты. Тек стадион аумағындағы фуд-корттың бір күндік табысы шамамен 15 миллион теңгені құрады.

Туризм басқармасының алдын ала бағалауынша, барлық тікелей және жанама кірістерді есептегенде, шарадан түскен жалпы қаржылық айналым 10 миллиард теңгеден асты.

Дженнифер Лопестің концерттері 1 тамызда елордадағы «Astana Arena» стадионында және 10 тамызда Алматының Орталық стадионда өтті.