Logo
Іздеу
Айдарлар

Бұршақ, найзағай және нөсер: 17 тамызға арналған ауа райы болжамы

/
Бұршақ, найзағай және нөсер: 17 тамызға арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

Синоптиктер 17 тамызға Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түркістан облысы – таулы аудандарда найзағай күтіледі. Тау асуларында күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел 15–20 м/с дейін күшейеді. 17–18 тамыз күндері аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы – ертең солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы – солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, шквал және найзағай болжануда. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысы – төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысы – таулы аудандарда найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік, батыс және шығыс бөлігінде төтенше өрт қаупі бар, ал өзге аймақтарда – жоғары өрт қаупі.

Ақмола облысы – 17 тамызда батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Түнде және күндіз найзағай, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысы – таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Кей жерлерде желдің күші 23 м/с дейін барады. Өңірде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы – түнде найзағай, күндіз солтүстігінде және шығысында бұршақ, шквал болжануда. Жел екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірде өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы – оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал батысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысы – солтүстік-шығысында найзағай, жел екпіні 15–20 м/с. Аймақта төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы – түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысы – түнде найзағай, күндіз кей жерлерінде бұршақ, шквал болады. Жел екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірде өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысы – 17 тамызда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен шквал күтіледі. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман болады. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысы – түнде найзағай, күндіз бұршақ пен шквал болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Жел күші 15–20 м/с.

Атырау облысы – оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы – солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысы – түнде найзағай, күндіз жел екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.