Logo
Іздеу
Айдарлар

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері командададағы жағымсыз хабарды айтты

/
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері командададағы жағымсыз хабарды айтты
Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Қайрат Сәтжанов

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов алдағы әлем чемпионатына дайындық барысы туралы ақпарат берді, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Алматы облысында боксшылар арнайы оқу-жаттығу жиынын бастап кеткен. Бұл кезеңге тек үздік спортшылар шақырылып, әр салмақта төрт боксшыдан қатысуда.

"Алматы облысында әлем чемпионатына арнайы дайындық кезеңін бастадық. Бұл жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылды. Әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан ғана.

26 тамыз күні Ұлыбританияға аттанамыз. Біріншілік алдында Шеффилд қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия, Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы әлі толық жасақталған жоқ. Бірнеше салмақтағы қатысушыларды осы жиында қарастырамыз", – деді Қайрат Сәтжанов.