Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақмола облысы – 18 тамызда түнде және күндіз найзағай, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда күндіз найзағай, жел 15-18 м/с.
Маңғыстау облысы – күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы – шығыста, орталықта және таулы аймақтарда найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда кей уақытта найзағай.
Қызылорда облысы – облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18 тамыз күні – төтенше өрт қаупі.
Шығыс Қазақстан облысы – солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, шквал күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ, желдің күші 15-20 м/с.
Абай облысы – түнде батысы мен оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, шквал. Жел 23 м/с дейін. Семейде 18 тамызда найзағай, күндіз жел 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы – оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысы – солтүстігі мен шығысында найзағай, түнде тұман. Жел 15-20 м/с. Қостанайда найзағай күтіледі.
Алматы облысы – солтүстігі, шығысы мен таулы аудандарда найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары, кей жерде төтенше. Алматы мен Қонаевта найзағай, өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысы – найзағай, күндіз бұршақ. Жел 15-20 м/с. Қарағандыда найзағай.
Ұлытау облысы – күндіз найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысы – таулы аймақтарда найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары. Таразда өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы – найзағай, шквал. Түнде тұман. Жел 25 м/с дейін. Петропавлда күндіз жел 15-20 м/с.
Атырау облысы – оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Астана – 18 тамызда найзағай, желдің екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысы – найзағай, желдің күші 15-20 м/с. Павлодарда найзағай, жел 15-20 м/с.