Ақтауда өткен Жамбы ату және ат үсті мергендік бойынша Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар басты жүлделерді иеленіп, өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Додаға 10 мемлекеттен 40-тан аса спортшы қатысты. Төменде жеңімпаз және жүлдегерлердің есімдері көрсетілген:
Азия стилі (жастар):
- Ақберен Үсен;
- Ақәділ Пернебай;
- Марлен Өсербаев (бәрі Қазақстан)
Азия стилі (жасөспірімдер):
- Айбек Ораз;
- Айдар Әділгерей;
- Нұрман Маханбет (бәрі Қазақстан).
Түркі стилі (жасөспірімдер):
- Зиян Хуанг (Қытай);
- Ғұмыр Лесбек (Қазақстан);
- Абдуррахман Ахмад Му’аз (Малайзия).
Түркі стилі (жастар):
- Ақберен Үсен;
- Әліби Әкімбек (екеуі де Қазақстан);
- Сеййид Мухаммед Нур Өзжан (Түркия).
Мажар стилі (жасөспірімдер):
- Нұрман Маханбет (Қазақстан);
- Абдуррахман Ахмад Му’аз (Малайзия);
- Айбек Ораз (Қазақстан).
Мажар стилі (жастар):
- Ақәділ Пернебай (Қазақстан);
- Фуркан Берат Элиташ (Түркия);
- Марлен Өсербаев (Қазақстан).
Жамбы ату (жасөспірімдер):
- Ғұмыр Лесбек (Қазақстан);
- Зиян Хуанг (Қытай);
- Даим Муфлих Муaфа (Индонезия).
Жамбы ату (жастар):
- Марлен Өсербаев;
- Ақберен Үсен (екеуі де Қазақстан);
- Фуркан Берат Элиташ (Түркия).
Ал жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы топ жарса, кейінгі орындарды Түркия мен Индонезия құрамалары еншіледі.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте айқын басымдықпен жеңімпаз атанды. Бұл жетістік ұлттық спорттың абыройын асқақтатып қана қоймай, жас мергендерге жаңа серпін берді.