Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Мәсімовтің коллекциялық заттары аукционда 10 млн теңгеге сатылды

Мәсімовтің коллекциялық заттары аукционда 10 млн теңгеге сатылды
Сурет: ашық дереккөзден

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚУВА) ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген мүліктің сатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

15 тамызда саудаға 43 лот шығарылды — сувенирлік монеталар, қылыштар және өзге де бұйымдар. Бастапқы бағасы шамамен 7 миллион теңге болғанымен, саудаға қатысушылардың жоғары қызығушылығы мен бәсекелестігі нәтижесінде жалпы сома 10 миллион теңгеден асты.

Түскен барлық қаражат білім және денсаулық сақтау салаларындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға жұмсалады.

Сатылған заттар — Мәсімовтің үйінен алынған мүліктер. Мамыр айының соңында зергерлік бұйымдар жеке актив ретінде бағаланып, бөлек топтамамен сатуға шешім қабылданған еді.