Logo
Іздеу
Айдарлар

Тарихи жетістік: 18 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

/
Тарихи жетістік: 18 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионы атанды
uww.org. Суретте: Едіге Қасымбек

Болгарияның Самоков қаласында өткен жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

125 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Едіге Қасымбек қарсыластарының барлығын жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Шешуші белдесуде ол ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ бұл чемпионатта Досжан Күлғайып (74 кг) пен Самир Дұрсынов (97 кг) қола жүлдені қанжығасына байлады.