Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ұлттық батырымыз": Мұстафа Өзтүріктің бұрын-соңды шықпаған видеосы тарады

/
"Ұлттық батырымыз": Мұстафа Өзтүріктің бұрын-соңды шықпаған видеосы тарады
facebook.com/@ConfederatSport. Суретте: Мұстафа Өзтүрік

Әлеуметтік желіде Мұстафа Өзтүріктің бұрын-соңды жарияланбаған бейнежазбасы тарап жатыр, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Facebook-тегі Qazaqstan tarihy парақшасында жарияланған роликте таэквондо аңызы өзінің ерекше шеберлігін паш етіп, көрермендерді таңдандырды.

Желі қолданушылары бейнеролик астына сағынышқа толы жүрекжарды пікірлерін қалдырды.

"Ғажап шеберлік!", "Арыстандай айбатты ер еді", "Ұлттық батыр деңгейіндегі тұлға", "Маңдайға сыймай кеткен есіл ер", "Елі үшін еңіреген ер еді ғой" деген мазмұндағы жылы лебіздер көптеп жазылды.

Мұстафа Өзтүрік (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман) – таэквондодан қара белбеудің 6 дан иегері, Қазақстанға бұл спортты алғаш әкелген халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Түркияда дүниеге келіп, Тайваньда білім алған, Еуропада жеке мектептер ашқан ол 1990 жылдары Отанына оралып, қазақ таэквондосының іргетасын қалады. Оның шәкірттері алғаш рет көк туды халықаралық додаларда желбіретті. Өкінішке қарай, 1995 жылы Алматыда белгісіз жағдайда дүние салып, Стамбұлда жерленді.