Logo
Іздеу
Айдарлар

Зеленский Трамппен кездесуге әскери киіммен емес, пиджакпен барды

/
Зеленский Трамппен кездесуге әскери киіммен емес, пиджакпен барды
ашық дереккөзден

Вашингтондағы Дональд Трамппен кездесу алдында Украина президенті Владимир Зеленский әдеттегі әскери киімнен бас тартып, қара түсті пиджак таңдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зеленский өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған видеода қара пиджак, тонға сәйкес көйлек пен шалбар киген күйде көрінді. Бұл оның соғыс басталғалы жиі киетін әскери формасынан айтарлықтай өзгеше болды.

Еске салсақ, Зеленскийдің бұған дейінгі Ақ үйге сапары дау-жанжалмен аяқталған еді. Ол кезде Украина басшысына ресми костюм мен галстук кимегені үшін ескерту жасалып, бұл жайт келіссөздердегі ахуалды күрделендірген болатын.

Axios мәліметінше, биылғы саммит қарсаңында Ақ үй өкілдері тіпті украиналық тараптан "Зеленский костюм кие ме?" деп нақтылап сұраған. Нәтижесінде, Украина президенті келіссөзге қара түсті ресми киіммен келді.