Франция президенті Эммануэль Макрон Вашингтонда журналистер алдында сөйлеп, Еуропа қарулы күштері соғыс аяқталғаннан кейін Украинадағы бітімгерлік операцияларға қатысуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
– Бізге мықты Украин армиясы қажет болады және біз Украинаға жергілікті жерде көмектесуіміз керек, – деді ол.
Ресей жағы Батыс әскерлерін Украина аумағына орналастыру идеясына қарсы шығып келеді.
Макрон сондай-ақ АҚШ пен Ресей лидерлерінің кездесуі алдағы күндері өтуі мүмкін екенін айтты, алайда келіссөздер сәтсіз аяқталса, Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.
– Біз бәріміз де санкцияларды қатаңдатуға тура келеді дегенге келісіп отырмыз және кез келген жағдайда Ресейге қарсы қысымды күшейтуіміз қажет болады, – деп қосты ол.