«Челябі облысы әзербайжандарының өңірлік ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының (АЗЕРЧЕЛ) төрағасы Ханкишиев Аршад Ады оғлы Ресей азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресейлік БАҚ деректеріне сәйкес, оны азаматтықтан айыруға «этносепаратизмді насихаттау және Алексей Навальныйды қолдау» жөніндегі айып себеп болған.
Айта кетейік, жуырда сот шешімімен «Әзербайжан» қоғамдық ұйымы таратылды, ал бұған дейін дәл сондай шешіммен АЗЕРЧЕЛ де жабылған еді.