Синоптиктер 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің батысы, оңтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалы сақталып, күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік-батыс циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың әр аймағында жел күшейеді. Солтүстік, батыс және орталықта түнгі және таңғы уақыттарда – тұман. Оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.
Сонымен қатар, бірнеше аймақта өрт қаупінің жоғары және өте жоғары деңгейі болжанып отыр:
- Жоғары өрт қаупі: Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында.
- Аса жоғары өрт қаупі: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының бірқатар аумақтарында.