Logo
Іздеу
Айдарлар

Ертең, 20 тамызда Руслан Берденов ісіне қатысты сот үкімі жарияланады

/
Ертең, 20 тамызда Руслан Берденов ісіне қатысты сот үкімі жарияланады
Orda.kz коллажы. Суретте: Ернар Жиембай мен Руслан Берденов

Шымкент қаласында әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталып отырған Ернар Жиембайдың ісі бойынша сот үкімі ертең шығады, деп Arasha.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істің басты сот талқылауы екі апта бұрын басталған болатын.

Бүгінгі отырыста Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтты. Ол өз іс-әрекетін қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабына қайта саралауды сұрап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар, соттан бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

"Мен – отбасымның жалғыз асыраушысымын, кәмелетке толмаған екі ұлым және науқас әкем бар", – деді ол соңғы сөзінде.

Айыпталушының сөзінен кейін судья Әбінұр Қарабаев кеңесу бөлмесіне кеткенін мәлімдеді.

"Үкім ертең, сағат 12:00-де жарияланады. Бірақ бұл нақты емес. Мүмкін, түстен кейін жариялаймыз", – деді судья.