Logo
Іздеу
Айдарлар

БҚО тұрғыны үш жыл бойы бұрынғы қызын бопсалап келген

/
БҚО тұрғыны үш жыл бойы бұрынғы қызын бопсалап келген
Сурет: Polisia.kz

Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағандай, күдікті үш жыл бойы бұрынғы қызының интим сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен. 

Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 миллион теңге берген. Бопсалау фактілері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген.

Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында. 

Полиция кез келген бопсалау жағдайында бірден құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін, өздігінен мәселені шешуге тырыспаңыз және қаскөйлердің талабына көнбеңіз — бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін екенін ескертеді.